Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14-14 КО) пен пуэрто-риколық панчер Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО) жекпе-жек алдындағы міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Матиастың салмағы 63,3, Жүкембаевтың салмағы 63,4 келі болды.
Бұл жартылай орта салмақтағы IBF тұжырымы (63,5 келіге дейін) бойынша 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек.
Бокс кеші Нұр-Сұлтан уақытымен 30 мамырда Лос-Анджелесте (Калифорния, АҚШ) өтеді. Ол Қазақстанда тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Жүкембаев спорттық карьерасында алғаш рет АҚШ-та жұдырықтасады. Бұған дейін ол тек Канадада рингке шыққан.
Оқи отырыңыз: