«BATYR TEAM» спорт клубы: Қазақстанның күші мен патриотизмінің символы

2 Қаңтар 2025, 18:32
347
Бөлісу:
«BATYR TEAM» спорт клубы: Қазақстанның күші мен патриотизмінің символы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде министр генерал-майор Шыңғыс Әріновтың бастамасымен «BATYR TEAM» спорт клубы құрылды.

Бұл ТЖМ имиджін нығайту, қызметкерлерді кәсіби және спорттық қызметте ілгерілету, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарында спортты дамыту үшін маңызды қадам болды.

«BATYR TEAM» қызметкерлердің дене бітімін сақтауға және бірлік рухын қалыптастыруға арналған платформаға айналды. Клуб тек спортпен шұғылданатын орын ғана емес, сондай-ақ батылдық, күш пен патриотизмнің символы.

Бүгінгі таңда Астана, Алматы, Атырау, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Өскемен қалалары мен Батыс Қазақстан облысында «BATYR TEAM» 8 ересек және 2 балалар клубы бар, негізгі бас кеңсесі Астана қаласында орналасқан. Бұл клубтар дене шынықтыру мен денсаулықтың маңызды орталықтарына айналды, мұнда әркім өзінің спорттық дағдыларын дамытып, жаттығуларға қатыса алады, сондай-ақ жастарды патриотизм мен батылдық рухында тәрбиелейді. Болашақта ТЖМ спорт клубтарының желісін кеңейтуді және республиканың әрбір өңірінде осындай орталықтар құруды жоспарлап отыр. Бастама қызметкерлердің дене дайындығын жақсартып қана қоймай, жастарды спортпен шұғылдануға тартуға мүмкіндік береді.

246 спортшы-қызметкер бар, олардың 3-еуі «халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 47-сі «спорт шебері», 168-і «спорт шеберіне кандидат» және 28-і спорттық разрядтарға ие. Бұл көрсеткіштер жарыстарға үнемі қатысатын, жүлделі орындарға ие болатын және ұлттық және халықаралық аренада ТЖМ имиджін арттыруға ықпал ететін азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің даярлығы мен кәсібилігінің жоғары деңгейін көрсетеді.

Клубтың қызметі ТЖМ қызметкерлері үшін тұрақты жаттығулардан бастап, «Қазақ күресі» және қоян-қолтық бойынша чемпионаттар сияқты спорттық жарыстарға қатысуды ұйымдастыруға дейінгі көптеген бағыттарды қамтиды. «BATYR TEAM» халықаралық ММА турнирлеріне белсенді қатысады,

Клубтың қызметі ТЖМ қызметкерлері үшін тұрақты жаттығулардан бастап, «Қазақ күресі» және қоян-қолтық бойынша чемпионаттар сияқты спорттық жарыстарға қатысуды ұйымдастыруға дейінгі көптеген бағыттарды қамтиды. «BATYR TEAM» ММА, Джиу-джитсу және басқа да күштік спорт түрлерінен халықаралық турнирлерге белсене қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болды.

2024 жылы «BATYR TEAM» клубының спортшылары жекпе-жек, грэпплинг, кикбоксинг және гір спорты бойынша әлем және Азия чемпионаттарын қоса алғанда, ұлттық және халықаралық жарыстарда 78 медаль, оның ішінде 23 алтын, 28 күміс, 27 қолажеңіп алды.

«BATYR TEAM» - бұл жай ғана спорттық бастама емес, дағдарыстық жағдайлардың әртүрлі түрлеріне ден қою үшін ТЖМ жеке құрамының моральдық және физикалық әлеуетін нығайту жөніндегі жалпы стратегияның бір бөлігі. Біздің қызметкерлеріміздің Қазақстанда да, шетелде де спорттық ареналардағы жетістіктері барлық қазақстандықтарды мықты, ұйымшыл және кез келген сын-қатерлерге дайын болуға шабыттандыратынына сенімдіміз.

«BATYR TEAM» спорт клубы азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби өсуі мен патриоттық тәрбиесіне жаңа мүмкіндіктер ашып, өсіп, дамуын жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы