Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл күндері Жапония астанасы Токиода батуттағы гимнастикадан 34-ші әлем чемпионаты өтуде. 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия беретін турнирде қазақстандық спортшылар іріктеуден өткен жоқ, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижені тіркеген Данил Мұсабаев. Ол 108.390 ұпаймен 31-ші орынға тұрақтады. Пирмаммад Алиев 38-ші, Данияр Түсіпов 79-шы, Игорь Грачев 96-шы сатыда.Әзірге Беларусь және Қытай спортшылары көш басында тұр.
Еске сала кетейік, батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында 1-ден 8-ші орынға дейінгі спортшыларға Олимпиада жолдамасы беріледі.