Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген «Бату» деректі фильмінің тизері шықты.
Фильмнің сценарий авторы әрі режиссері Рашид Нұғманов Бату хан жайлы деректі фильмнің түсірілім жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді.
Түсірілім барысында отандық және шетелдік тарихшылар Еуразия аймағында билік жүргізген ханның жорықтары мен сол кездегі саяси құрылым жайлы баяндайды.
Бұл фильм әкесінің идеясын ары қарай жалғастырып, Алтын Орда империясын құрған Бату ханның өміріне арналған. Фильмнің түсірілім жұмыстары Қазақстан, Ресей, Украина, Кавказ және Еуропа елдеріндегі тарихи жерде өрбіді. Оның үстіне көшпенділер, әсіресе Шыңғыс хан, Алтын Орда тарихын зерттеп жүрген тарихшылармен сұхбаттастық,-деді режиссер.Сонымен қатар ол фильм көрерменге ой салатын әрі өзінің тарихына деген қызығушылығын оятатын дүние болып шыққанын жеткізді.
«Бату» деректі фильмі келесі жылдың ақпан айында көпшілік назарына ұсыналады.