Басымыздан өткенді жауымызға да тілемейміз - Мұхамедиұлының әйелі

16 Маусым 2023, 13:57
3773
Бөлісу:
Басымыздан өткенді жауымызға да тілемейміз - Мұхамедиұлының әйелі
Фото: автордан

Қазір сотты болып жатқан бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі жағдайлары қалай екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін елордада Байқоңыр аудандық сотында Арыстанбек Мұхамедиұлы соңғы сөзін айтқан болатын.

Қазір басымыздан өткеріп жатқанды жауымызға да тілемейміз. Отбасымыз, туысқандарымыз қатты уайымдап отыр. Осы соңғы 400 күн өмірімізден жоқ болып кетті. Бір күнді де есіме түсіре алмаймын. Әдетте өмірде ашық-жарқын сәттер есте қалады емес пе. Ал осы күндері біздің өмірімізде ондай оқиғалар болып жатқан жоқ. Бізде күнде бір нәрсе қайталана береді. Таңғы 6-да тұрып, тергеу изоляторына барамыз, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлының жұбайы.

Ол әділдікті күтіп жүргенін айтты.

Біз әділдікті күтіп жүрміз. Ол бізге керек. Көз жасымыз бен реніштің, Арыстанбек Мұхамедиұлының эмоциональды құлдырауының себебі бізді ешкім естімей жатқанында. Біз әділдікке сенеміз, - деп айтты Ғалия Ысқақова журналистерге.

Еске сала кетейік, Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

2022 жылы 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып, қамауға алынған болатын.

Өзгелердің жаңалығы