Басты назар медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуға аударылуда – әкім

6 Қараша 2020, 14:20
1863
Бөлісу:
Басты назар медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуға аударылуда – әкім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың қорытындысы бойынша халықтың орталықтандырылған сумен жабдықталуы 95,8%, газбен жабдықталуы 91,3% құрайтын болады. Бұл туралы бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Біздің басты міндетіміз – азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, оларды жұмыспен және тұрақты еңбекақымен қамтамасыз ету. Төтенше жағдай мен шектеу шараларының енгізілуіне байланысты көптеген кәсіпорын өз қызметін уақытша тоқтатқан болатын, бұл өз кезегінде азаматтардың табысына әсер етпей қоймады. Облыстың 520 мың тұрғыны 20 мың көлемінде әлеуметтік төлем алды.  Нәтижесінде біз жұмыссыздықты 4,9% деңгейінде ұстай алдық, бұл республикалық деңгейден төменірек (5%). Биыл 20 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11 мыңға жуығы - тұрақты. Бос жұмыс орындарына 23 мыңнан астам адам орналасты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға Ақтөбе облысында 45 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан 303 әлеуметтік және инфрақұрылым жобаның 158-і аяқталды. 11,1 жұмыс орны құрылып (жылдық жоспардың 97%-ы), соның ішінде жастардың 42%-ы, аз қамтылған азаматтардың 5%-ы, мүмкіндігі шектеулі адамдардың 2%-ы жұмысқа орналасты,- деп қосты Оңдасын Оразалин.

Спикер жергілікті жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы облыстың әлі де  басты проблемаларының бірі екенін атап өтті. Осы жылы 610 шақырым автокөлік жолын жөндеуге 40,4 млрд теңге бөлініп, 545 шақырым жол ендігі жөнделіп қойды. Бұл жыл соңында дейін жай-күйі қанағаттанарлық автомобиль жолдарының үлесін 56,5%-дан 59%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Біздің бар күшіміз инфекциямен күресуге және тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтауға жұмылдырылып отыр. Жалпы, коронавируспен күресуге шамамен 5 млрд теңге бөлінді, соның ішінде, медициналық техника мен жабдықтар алуға 3,4 млрд теңге, дәрілік заттар, жеке қорғаныс құралдары мен өкпені жасанды желдеткіш апппаратттарын сатып алуға 1,3 млрд теңге кетті. Осы жылдың наурыз айынан бері 3600-ден астам медицина қызметкерін үстемеақы және сыйақы түрінде материалдық қолдау үшін  2,9 млрд теңге бөлінді. Бүгінде 315 инфекциялық кереует жұмыс жасап тұр, қажет болған жағдайда инфекциялық кереуеттер саны 3603-ке дейін көбейетін болады,- деді әкім.

Аймақ басшысының сөзінше, басты назар медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуға аударылуда. 

Жалпы, облыс бойынша 12 заманауи компьютер томографы, 11 стационарлық рентген аппараты, 353 өкпені жасанды желдеткіш аппараты, 405 оттегі концентраты, 626 Бобров аппараты мен 250 оттегі жастығы орнатылып, 26 бірлік санитарлық көлік (биыл қараша айының аяғына дейін тағы 15 көлік) пен 6 мобильді жылжымалы кешен және Камаз жанындағы  2  жылжымалы медициналық кешен сатып алынды, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы