Бастауыш сынып оқушылары онлайн форматта оқиды

Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

 freepik 10 Қараша 2025 2025, 23:40
10 Қараша 2025 2025, 23:40
1245
Фото: freepik

Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 11 қараша күні өңірдің барлық мектептерінде мектепалды даярлық топтары мен бірінші ауысымның 1-4 сыныптары онлайн оқиды. Себебі ауа температурасы 0...–5°C шамасында болып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді және көктайғақ күтіледі.

Сонымен қатар, қолайсыз ауа райына байланысты оқушыларды мектепке тасымалдау уақытша тоқтатылды.

Наверх