«Бастапқыда бейбіт шеру болды» - Ұлттық ұлан жауынгері Диас Саматтың оқиғасы

13 Қаңтар 2022, 16:09
3713
Бөлісу:
«Бастапқыда бейбіт шеру болды» - Ұлттық ұлан жауынгері Диас Саматтың оқиғасы

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Атырау қаласындағы 5546 әскери бөлімінің жауынгерлері қала әкімдігін бұзақылардан қорғады. Қақтығыс барысында аталған әскери бөлімнің 28 жауынгері жарақат алған. Солардың бірі  - қатардағы Диас Самат.  

Ол жаппай тәртіпсіздік басталған күні қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып, алдыңғы қатарда тұрды.

«Бастапқыда бейбіт шеру болды» - Ұлттық ұлан жауынгері Диас Саматтың оқиғасы

Сарбаздың айтуынша, бастапқыда шеру бейбіт түрде басталып, соңы шабуылға ұласқан.

Бастапқыда барлығы бейбіт шеру ретінде басталды. Бізге күш қолданбау туралы бұйрық берді. Өйткені, ондағы адамдар бейбіт тұрғындар. Біз қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметті қамтамасыз етіп сапта тұрдық. Бір кезде топ ішінен жас жігіттер шығып, бізге шабуыл жасады. Қолдарына түскен заттың барлығын лақтырды, арматура, тас, кейде газ баллондары да іске жұмсалды. Мен  арттағы қарулас достарымды қорғап тұрғанмын. Қорғаныш қалқаны төмен түсірген сәтте ауыр зат ұшып келіп оң бетіме тиді. Барлығы бір-бірін итеріп, қатығыс, төбелес басталды. Менің оң бетім толықтай қанап жатса да, достарымды тастамадым. Күшім жеткенше қызметімді атқардым, - деп есіне түсірді жас сарбаз.

«Бастапқыда бейбіт шеру болды» - Ұлттық ұлан жауынгері Диас Саматтың оқиғасы

ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір сарбаз ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы жақсарған соң сапқа оралады.

Жас сарбаз Ұлттық ұлан қатарына Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданынан шақырылды. Қазір ауруханада, жағдайы бірқалыпты. Емделгеннен кейін жуырда әскери қызметіне қайта оралады. Бар тілегі - ел амандығы, тыныштықтың орнауы. Жалпы Алматы, Шымкент  қалаларында және басқа да облыс орталықтарында құқықтық тәрітіпті қамтамасыз етуде бұзақы топпен қарсыласудың нәтижесінде жарақат алған Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің саны 394 адамға жетті. Бұдан бөлек, жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 90-нан аса әскери техникасы сынды, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы