Бастапқы жарнасыз ипотека. Бағдарлама іске қосылды

16 Қаңтар 2024, 09:10
40443
Бөлісу:
Бастапқы жарнасыз ипотека. Бағдарлама іске қосылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Атырау облысының билігі 15 қаңтар мен 10 ақпан аралығында ешқандай бастапқы жарна сұралмайтын «Бақытты отбасы — Атырау» бағдарламасына құжат қабылдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімдік сайтында құжат тапсыру және қосымша ақпарат алу үшін Атырау қ-сы, Азаттық даңғ., 101а, № 3 терезе мекенжайына жүгіну керек деп жазылған.

Ипотека шарттары

  • Сыйақы мөлшерлемесі — 5 % (ЖТСМ — 5.2 %).
  • Бастапқы жарна — 0 %-дан басталады.
  • несие беру мерзімі — 19 жылға дейін.
  • Міндетті түрде төлем қабілетін растау.
  • Бірінші нарықтан (Құрылыс салушыда Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторы берген кепілдік болса) да, екінші нарықтан да үй таңдауға мүмкіндік бар.

Бағдарламаға азаматтар 6 санат бойынша қатыса алады.

  • көп балалы отбасылар;
  • толық емес отбасылар;
  • мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • күйеуінен/әйелінен айырылғанын растайтын құжаты бар кезекте тұрған барлық азамат;
  • I, II топтағы мүгедектігі бар азаматтар;
  • жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар.

Қандай құжаттар керек

− жеке куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі;
− неке (немесе оның бұзылғаны) туралы куәлік;
− туу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі;
− отбасы мүшелерінің тұрғылықты жері туралы анықтама;
− мүгедектік туралы анықтама (бар болса);
− отбасы мүшелерінің барлығының атында ҚР-да баспана жоқ екені туралы анықтама.

Кrisha.kz-тің мәліметінше, бұл ипотеканың шарттары тек төрт санаттағы тұрғындарға 2 %-бен кредит беретін «Бақытты отбасы» бағдарламасына ұқсамайды. Атырау облысы өзінің өңірлік ипотекасы үшін басқа талаптар қойып отыр. Жергілікті әкімдік үміткерлер тізімін жасайды, ал «Отбасы банк» несие рәсімдейді.

Өзгелердің жаңалығы