Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасында коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген төтенше жағдайдың аяқталуына орай, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі орталығы 2020 жылғы 13 мамырдан бастап қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қайта бастайды – делінген хабарламада.
Олар:
- уақытша келуге рұқсатты ресімдеу;
- еңбекші көшіп-қонушыларға рұқсаттар беру және ұзарту;
- шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға құжаттарды дайындау;
-Қазақстан Республикасыныңа азаматтығын қабылдау, шығару және қалпына келтіру;
- шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында виза беру, қалпына келтіру және ұзарту.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Көші-қон қызметі орталығында мемлекеттік қызметтер күшейтілген санитариялық-зарарсыздандырылған және маскалық режимде көрсетілетін болады – делінген хабарламада.