Баспанасы өртенген тұрғындарға көмек көрсетілді

14 Қазан 2022, 18:28
1324
Бөлісу:
Баспанасы өртенген тұрғындарға көмек көрсетілді
PHOTO
Фото: автордан

Атырау қаласы Сарықамыс ықшам ауданындағы  өртке оранған «Гауhартас» тұрғын үйі біртіндеп қалыпқа келтірілуде. Қазір пәтер иелері өз баспаналарына көшіп жатыр, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ  тілшісі. 

 Осы үйіміз биыл 11 шілде күні отқа оранған еді. Кейін біздерге әкімдік пен демеушілер қолғабыс етіп көмектесті. Алғысым шексіз. Алланың нұры жаусын,- дейді тұрғындардың бірі Асқар Серік.

Екі қабатты «Гауhартас» тұрғын-үйінде 8 пәтер бар. Онда 36 адам тұрады. Өрт кезінде эвакуцаияланған азаматтардың бәрі 2 айдан астам уақыт әкімдіктің ұйымдастыруымен Атырау энергетика және құрылыс колледжінің жатақханасында тұрған еді. Енді біртіндеп өз үйлеріне көшуде. 

Баспанасы өртенген тұрғындарға көмек көрсетілді

Оқыс жағдай болған уақытта тұрғындарды қауіпсіз жерге орналастырдық. Пәтер иелері үй ішіндегі жөндеуді өз мойындарына алды. Ал әкімдік тарапынан өртке оранған тұрғын үйдің төбесі толық жөнделді. Қазір қауіп жоқ,-деді жергілікті әкімдік өкілдері.

Айта кетейік, қызыл жалыннан үйсіз қалып, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы өтініш бергендердің әрқайсысына 477 000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілген еді. 

Өзгелердің жаңалығы