Баспаналы болуға айлық жетпесе не істеу керек?

13 Мамыр 2024, 14:14
372
Бөлісу:
Баспаналы болуға айлық жетпесе не істеу керек?
Фото: pixabay.com

"Наурыз" ипотекалық бағдарламасы арқылы баспаналы болу үшін айлық жетпесе не істеу керек? Бұл сұраққа Отбасы банк басқарушы директоры - Орталық филиал директоры Жансұлтан Матай жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көпбалалы отбасылар бағдарламаға қатысып, төлем қабілетін растаған кезде айлығы жетпесе, не істеу керек? Балаларына мемлекеттен берілетін жәрдемақыны төлем қабілетін растауға есептеуге бола ма? – деп сұрады БАҚ өкілдері.

Өтініш берушінің төлем қабілетін растаған кезде атаулы әлеуметтік көмектен (АӘК) басқа мемлекет берілетін барлық жәрдемақы қабылданады. Егер табыс көлемі жетпеген жағдайда қосымша екі борышкерді тартып, өтіп кетуге болады, - деп түсіндірді Жансұлтан Матай.

Бұған дейін бағдарламаға қатысуға неше адамның өтініші қабылданғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы