Баспанаға мұқтаж азаматтардың орталықтандырылған есебі жасалады

5 Шілде 2022, 11:17
1148
Бөлісу:
Баспанаға мұқтаж азаматтардың орталықтандырылған есебі жасалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында осылай деп мәлідеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында тұрғын үй саясатын реформалау мәселесі бойынша заң жобасы әзірленді. Аталған заң жобасы бүгінгі таңда Парламент Мәжілісінің қарауында. Оның шеңберінде тұрғын үй саясатын тұтастай реформалау және оны екінші деңгейдегі банктер жүйесінен шығара отырып, «Отбасы банкін» ұлттық даму институты етіп қайта құру ұсынылады. Сондай-ақ, «Отбасы банкінің» базасында «тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын» құру жоспарланған. Ол санаттарға тиесілігіне қарамастан, республика аумағында тұрғын үйі жоқ бүкіл мұқтаждарды орталықтандырылған есепке алатын болады. Ұсынылып отырған жаңа модельде тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары есепке қою күніне, табыстың бар-жоғына және берілген өтінімге байланысты жүзеге асырылады, - деді  Өскенбаев.

Министрдің атап өтуінше, бұл жаңашылдық халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға, азаматтардың тұрғын үй алу рәсімін оңтайландыруға, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары арасында тұрғын үйді әділ бөлудің бірыңғай тетігін енгізуге мүмкіндік бермек.

Өзгелердің жаңалығы