Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Оның айтуынша, Қазақстанда екінші мәрте вирус жұқтырғандар саны жеті жүз адамнан асты.
Қазақстандағы әрбір жетінші адам вакцина алды. Және елімізге әкелінген әр вакцина тиімді, сертификациядан өткенін тағы бір мәрте қайталаймын. Мен ауырып шықтым, антидене бар, енді ауырмаймын деген уәж айтпаңыздар. Елімізде 727 адам вирусты қайта жұқтырды. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды білесіздер. Денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қарап, тегін вакцинаны алыңыздар. Басқа вакцина келеді деп күтіп, уақыт жоғалтпаңыздар, - деді Алексей Цой.
Оның айтуынша, елде вакцинациялау процесінің қарқыны бәсең болғанымен, күніне 90-100 мың адам вакцинаның бірінші не екінші компонентін салдырады.
Бұған дейін осы брифингте Ералы Тоғжанов вакцина алмағандарға айыппұл салына ма деген сұраққа жауап берген болатын.
Бұған дейін осы брифингте Ералы Тоғжанов вакцина алмағандарға айыппұл салына ма деген сұраққа жауап берген болатын.