Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Бас әскери прокуратураның ресми сайтында хабарланды.
«Сіздерге 2019 жылдың 29 тамыз күні сағат 16.00-де Аягөз және Павлодар гарнизондарының әскери прокуратураларында бейнеконференция байланысы арқылы Бас әскери прокурор Дастан Сартаевтың азаматтарды қабылдауды жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. Осыған байланысты Бас әскери прокурорға жолығуға ниет білдірген азаматтар жоғарыда аталған әскери прокуратураларға барып, алдын ала жазылуы қажет: 1) Аягөз гарнизонының әскери прокуратурасы (Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, Нұғманов көшесі, тел.8(722237)35147); 2) Павлодар гарнизонының әскери прокуратурасы (Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 4, тел. 8(7182)552678)», - делінген таратылған ақпаратта.