Бас санитар СҚО-дағы вирусологиялық зертхананың жұмысымен танысты

17 Сәуір 2022, 11:52
1387
Бөлісу:
Бас санитар СҚО-дағы вирусологиялық зертхананың жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында СҚО бойынша Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық зертханасында болып, оның жұмысымен танысты.

Зертханада мамандар вирустың генетикалық материалын бөлу және реакциялық қоспаларды дайындау бойынша зерттеулер жүргізеді. Бұдан әрі Айжан Есмағамбетова кабинеттердің жабдықталуын қарап, ұжым алдына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жұмысты жақсартуға қатысты нақты міндеттер қойды. 

Өзгелердің жаңалығы