Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Карантин талаптары жұмсартылған жағдайда да санитариялық-дезинфекциялық режим қатаң сақтала бермек. Бұл туралы ҚР бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау министрлігінің Facebоок-тегі парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты.
Карантин тоқтаған кезде де біз коронавируспен өмір сүре беретінімізді түсінуіміз керек. 2009 жылғы құс тұмауы сияқты бұл вирус та маусымдық ауру түріне айналады. Сондықтан, бұған үйреніп, иммунитет қалыптастыруымыз қажет, - деді Айжан Есмағамбетова.
Айжан Есмағамбетова сәуір айының соңына дейін вирус жұқтырғандар саны 3400 адамға жетуі мүмкін екенін айтты.
Біздің болжамымыз бойынша республика көлемінде сәуір айының соңына дейін вирус жұқтырғандар саны 3400 адамға, ал, мамырдың соңына қарай 5300 адамға өсуі мүмкін. Бізде сырттан келгендерден вирус жұқтырғандар көрсеткіші жоғары, олардың дені шекаралық аймақтардан. Соңғы екі аптада 200-ден астам жағдай тіркелді. Бұдан ішкі ғана емес, сыртқы қауіптің де барын аңғарамыз, - деді бас санитар.
Бұған дейін ол еліміз бойынша
коронавируспен сырқаттану деңгейі қандай екенін айтты.