Бас санитардың карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысы шықты

16 Тамыз 2020, 15:10
4365
Бөлісу:
Бас санитардың карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысы шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бас мемлекетік санитариялық дәрігерінің Қазақстан Республикасында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысы жарияланды.   

"Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және "Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында қаулы етемін, - делінген Айжан Есмағамбетованың қаулысында.

1. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы":

1) қала маңындағы жолаушылар пойыздарының (электр пойыздарының) қозғалысын тоқтата тұруды;

2) жұмыс пойыздарын қоспағанда, жолаушылар пойыздарының құрамында жалпы вагондарды жасақтауды болдырмауды қамтамасыз етсін.

2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар:

1) қалааралық автобус, шағын автобус тасымалдарын тоқтата тұруды;

2) көрермендер қатысатын, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өткізілетін және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

3) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салуды;

4) барлық мәдениет объектісінің (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т. б.) қызметіне тыйым салуды;

5) діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, жиындар, синагогалар) және т. б. қызметін тоқтата тұруды;

6) балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салуды;

7) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салуды қамтамасыз етсін. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған жағдайда жол беріледі;

8) фудкорттардың, банкет залдарының қызметіне тыйым салуды;

9) бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің қызметіне тыйым салуды;

10) сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысының (бұдан әрі – № 43 ҚРБМСД қаулысы) талаптарын сақтай отырып, толықтырылуын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр қамтамасыз етілген кезде рұқсат етуді;

11) толықтырылуын 30%-дан асымай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метрден қамтамасыз етіліп, ҚР МСМ №43 қаулысының талаптары сақталған кезде азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметіне рұқсат етуді;

12) сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметіне бір келушіге кемінде 4 ш. м. қамтамасыз етіліп, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

13) балалар түзету кабинеттерінің, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне топтың толықтырылуын 5 адамнан асырмай, алдын ала жазылу бойынша, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

14) мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне топтарды жинақтауды 15 адамнан асырмай, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

15) ашық ауада аттракциондар қызметіне №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

16) фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының (бассейндерсіз) қызметіне алдын ала жазылу бойынша, толықтырылуын 50%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 5 ш. м. қамтамасыз етіліп, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

17) моншалардың, сауналардың (бассейндерсіз) қызметіне толықтырылуын 50%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 45 ш. м. қамтамасыз етіліп, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

18) ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (топта 5 адамнан асырмай) рұқсат етуді;

19) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру) рұқсат етуді;

20) №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде қоғамдық көліктің жұмысына (пик сағаттарында автобустар санының артуы, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен өңдеу, барлық есіктің ашылуы, отыратын орындар саны бойынша толықтырылуы) рұқсат етуді;

21) жеке автокөліктің өңірлер арасында жүріп-тұруына рұқсат етуді;

22) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалдырылады (штаттық кесте кезінде 30-дан астам қызметкер);

23) аймақтарға бөлу талаптары және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде медициналық орталықтардың қызметіне (жазылу бойынша) рұқсат етуді;

24) туризм объектілері мен халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) қызметіне толықтыруды 80%-дан асырмай, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсате етуді;

25) дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс), азық-түлік емес дүкендердің қызметіне №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

26) ашық ауада және үй-жайда қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 30-дан аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

27) үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметіне; ашық ауадағы құрылыс жұмыстарына, ауыл және балық шаруашылығына, мал шаруашылығына №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

28) халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалар) қызметіне № 43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

29) № 43 ҚРБМСД қаулысының талаптарын сақтай отырып бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б. қызметтері), айырбастау пункттерінің, ломбардтардың жұмысын ұйымдастыруды;

30) №43 ҚРБМСД қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін деп белгілей отырып, ХҚКО-ның жұмысын ұйымдастыруды;

31) №43 ҚРБМСД қаулысының талаптарын сақтай отырып, "Қазпошта" АҚ жұмысын уақыт бойынша шектеу және онлайн формтта барынша қызмет көрсету арқылы ұйымдастыруды;

32) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан немесе бір отбасы мүшелерінен аспайтын топтармен ойын-сауық объектілерінсіз саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруға рұқсат етуді;

33) қоғамдық көліктерге, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;

34) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат етуді;

25) демалыс күндері мынадай:

- қоғамдық көлік қозғалысын шектеу;

- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу;

- сауда-ойын-сауық орталықтары ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерін, сауда желілерінің жұмысын тоқтата тұру;

- азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұру;

- сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің жұмысын тоқтата тұру;

- фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;

- қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұру;

- балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, түзету кабинеттерінің жұмысын тоқтата тұру;

- ашық ауада аттракциондардың жұмысын тоқтата тұру бойынша шектеу шараларын енгізуді қамтамасыз етсін.

 4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған кезде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылдансын.

5. Тиісті аумақтың, Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.

6. "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысында I., II тармақтар., 1-16-тармақтар алынып тасталсын.

7. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 42 қаулысында 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

8. "Қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 44 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Осы қаулы 2020 жылғы 17 тамызда 00 сағат 00 минутта күшіне енеді, - делінген Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысында.

Өзгелердің жаңалығы