Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 26 тамыздағы қаулысы шықты.
Өңір «қоңыр қызыл» аймақта кемінде 3 күн болған кезде карантиндік шараларды қатаңдату қабылданады. Күшейтілген карантиндік шаралар «қоңыр қызыл» аймақтан «қызыл» аймаққа көшкеннен кейін кемінде 7 күн сақталады. Карантиндік шараларды жеңілдету «қоңыр қызыл» аймақтан «қызыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді.Алматы қаласын қоспағанда, биыл 28 тамыздан бастап мыналардың жұмысына:
- демалыс күндері – «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларының жұмысына – қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) сағат 02.00-ге дейін;
- сенбі күндері – қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етілсін;
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:
1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылауды;
2) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды;
3) «жасыл», «сары» және «қоңыр қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдау құқығынсыз және осы қаулының 1-тармағында көзделмеген жаңа қатысушыларды жобаға енгізу құқығынсыз осы қаулыны басшылыққа алуды қамтамасыз етсін.
Қаулының толық нұсқасын мына сілтеме арқылы, оқып таныса аласыздар.