Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жандос Өмірәлиев Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды.