Бас прокуратурада алқа отырысы өтті

9 Желтоқсан 2022, 16:00
1171
Бөлісу:
Бас прокуратурада алқа отырысы өтті

Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен жер саласындағы заңдылықты сақтау, сондай-ақ медициналық бұйымдарды сатып алу мәселелері жөнінде алқа отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алқа жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, ауыл шаруашылығы, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің басшылары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Бірінші мәселе бойынша Бас Прокурор ағымдағы жылы прокурорлар мемлекетке қолданылмаған 1,5 млн га жер қайтарылғанын атап өтті.

Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, қоғамдық жайылымдардың тапшылығы 29 млн га 8 млн га дейін қысқартылды. Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында 11 мың үлескерге 500 мың га астам жер қайтарылды.

Бас прокуратурада алқа отырысы өтті

Тексерістер олигополиялардың қолдануындағы ең жақсы және құнарлы ауылшаруашылық жерлерін, жайылымдар мен коммерциялық учаскелерді анықтады. Бүгінгі таңда олардан мемлекет пайдасына 145 мың гектар жер тәркіленді.

Тексеріс қорытындысы бойынша 56 қылмыстық іс қозғалды, 9 кінәлі адам сотталды.

Тексеру нәтижелері бойынша Шымкент, Ақмола, Атырау, Алматы және Түркістан облыстары әкімдіктерінің Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бойынша басқармаларының лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының жеке жер пайдаланушыларына қатысты 56 қылмыстық іс қозғалды.

Бүгінгі күні қылмыс жасаған 9 адам сотталды. Мыласы, Солтүстік Қазақстан облысында 800 үлескерлердің жер телімдерін асыра пайдаланып, алаяқтық жасаған кәсіпорын басшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бас прокуратурада алқа отырысы өтті

Берік Асылов уәкілетті органдардың жайылым жерлерін оң басқарудың, ірі жер телімдердің бір қолға шоғырлануына жол бермеу және үлестік жерлерге бақылауды күшейтудің, оның ішінде кез келген заңсыз схемаларды болдырмау жұмысының маңыздылығына назар аударды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне нақты іс-шаралар жоспарын дайындау арқылы заң бұзушылықтарды жою туралы талаптар қойылды.

Екінші мәселе бойынша «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» қызметі тексерісінің нәтижелері талқыланды.

Прокурорлық тексеріс кезінде бюджет қаражатын жымқыру және жоғары бағамен сапасыз медициналық техниканы сатып алу фактілері анықталды.

Мәселен, Ақтөбе облысындағы медициналық орталық жылжымалы шұғыл медициналық көмек кешенін (жедел жәрдем) кедендік құнынан 4 есе артық бағамен сатып алынған. Нарықтық бағасы 16,6 млн теңге болса, орталыққа 72,9 млн теңге жұмсалған. 

Осындай сызбалар Алматы қаласында, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қостанай, ШҚО, БҚО, Жамбыл және Павлодар облыстарында орын алған, - деп жазды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Тексеріс нәтижелері бойынша прокуратура заң бұзушылықтарын жою туралы 208 ұсыну енгізді, 405 адам тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 15 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қадағалау ведомствосының басшысы медициналық бұйымдарға бағаны қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық факторларын болдырмау қажеттігін атап өтті.

Кәсіпкерлердің өтінімдерін қабылдау процесін автоматтандыру, медициналық бұйымдарды сараптау тетігін қайта қарау, медициналық жабдықтарды қадағалау жүйесін енгізу ұсынылды.

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша Бас Прокурор облыс прокурорларына мемлекетке келтірілген залалды өтеуге қол жеткізуді және жымқыру мен билікті асыра пайдалану жасаған адамдар үшін қылмыстық жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы