Теміржол тұйықтарының бағасы негізсіз қымбаттаған. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, 300-ден астам теміржол тұйығының мемлекет меншігіне қалай қайтарылған.
Монополистердің өздеріне берілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып, баға өсіру фактілері бар. Соның ішінде «Қазақстан теміржолы» аясында «ЦТС» акционерлік қоғамына қатысты іс бар. Олардың иелігінде 300-ден астам теміржол тұйығы болған. Жәнеде 4 мыңнан астам кәсіпкер олардан жоғары тарифпен қызмет алып отырған, - деді Өмірәлиев.
Прокурордың сөзінше, салдарынан кәсіпкерлерге қолайсыздық туындаған.
Тексеру барысында тарифті де түсірдік, аталған теміржол тұйықтарының бәрін мемлекетке қайтардық. Қазір олардың тарифі 13 есе арзан. Яғни, бұрын әр шақырымға 2400 теңге болса, қазіргі таңда 169 теңгеге дейін түсірілді, - деді Жандос Өмірәлиев Бас прокуратура ғимаратында өтіп жатқан бизнес өкілдерімен кездесуде.