Бас мүфти: Әлеуметтік желіде діни пәтуа беретіндер көбейді

15 Ақпан 2024, 23:39
5416
Бөлісу:
Бас мүфти: Әлеуметтік желіде діни пәтуа беретіндер көбейді
Фото: muftyat.kz

Бұл туралы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында қыз-келіншектерге арналған іс-шарада айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өздеріңіз білесіздер, қазіргі таңда қоғамда, әлеуметтік желілерде дін тақырыбы жиі қозғалатын болды. Әсіресе әлеуметтік желілерде өз бетінше пәтуа беріп, халықтың наразылығын тудыратын жағдайлар жиіледі. Мұндай құбылыстар елдегі діни ахуалға теріс әсерін тигізетіні анық. Сондықтан бұл бағытта де белсенді жұмыс атқаруымыз керек. Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі – әйелдер қауымы. Сондықтан менің тапсырмама сай мүфтият жанындағы Әйел-қыздар секторы белсенді жұмыс тәртібіне көшті, - деді ол.

Оның айтуынша әйел-қыздар секторы былтыр белсенді жұмыс атқарды. Республика бойынша мешіттер жанындағы діни сауат ашу курстарына қатысып, уағыз-насихат жұмыстары жүргізіліп, семинарлар, білім сайысы, қайырымдылық шаралар, мәдени шара, шеберлік сағаттары және түрлі спорттық шаралар секілді қоғамдық-мәдени бағыттарда да жалпы саны 10 986 шара атқарылып, 408 828 адам қамтылды.

Осы істердің бәрінде әйел жамағатының үлкен үлесі бар. Биыл да сектор жұмысы жандана түседі деп білеміз. Бәріміз де – қоғамның бір бөлшегіміз. Сол себепті қоғамда болып жатқан жақсылы-жаманды оқиғалардың бәрі бізге оң және теріс әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдағы теріс әрекеттерді бәріміз бірігіп түзетуіміз қажет, - деді ҚМДБ төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы