Бас мешіт "мен Мәһдимін" деп айқайлап билеген қызға қатысты түсінік берді

22 Тамыз 2022, 20:43
42154
Бөлісу:
Бас мешіт "мен Мәһдимін" деп айқайлап билеген қызға қатысты түсінік берді

ҚМДБ жанындағы Республикалық Бас мешіттің баспасөз қызметі мешітте билеген бойжеткеннің әрекеті жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

21 тамызда сағат 18:48-де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық Бас мешітке келген қыз құлшылық үйінің ішкі тәртібі мен әдебін өрескел бұзып, имам жұмысына, намаз оқушылардың құлшылығына кедергі келтірді... Дін қызметкерлері оған мешіт әдебі туралы түсіндірді. Алайда имам кеңесіне бағынбаған ол «мен Мәһдимін, оны осы жәрде дәлелдеуім керек» деп қарсылық танытқан. Мешіт қызметкерлері ер азаматтар намаз оқитын орынға әйелдердің келуіне болмайтынын жеткізіп, оны сыртқа шығаруға мәжбүр болады. Ол мешіт ауласында ерсі әрекеттер жасап, күзетшілердің ескертуіне құлақ аспаған. Күзетшілер оны мешіт ауласынан шығаруға мәжбүр болған, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мешітте әдеп сақтамаған қыздың жеке тұлғасына қатысты мәлімет жоқ.

Осы ретте мешітке келуші азаматтарды құлшылық үйінде қарапайым адамгершілік әдептерді сақтауға шақырамыз, - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Бас мешітте асыр салып билеген бойжеткеннің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы