Бас қаладағы төтенше жағдай қашанға дейін жалғасады

30 Қаңтар 2020, 02:26
1724
Бөлісу:
Бас қаладағы төтенше жағдай қашанға дейін жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жағдай әбден тұрақталғанша төтенше жағдай режимі сақталады, деп хабарлайды "Хабар 24".


Соңғы күндері қала сыртындағы жолдардан мыңнан астам жолаушы қар құрсауынан құтқарылған. Оның 15-і жүкті әйел. Қазір шаһар маңында 11 жылыту пункті жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ішкі істер департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов хабарлады.

Ал ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің айтуынша, құтқарушылар еліміз бойынша  жолда қалған мыңдаған адамды аман алып шыққан. Қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмыстары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қозғалыс шектеу қойылған жолдарды қардан аршу шаралары әлі де жалғасуда. Әзірге бас қаладағы ахуал бір қалыпқа келгенше төтенше жағдай режимі алынбайді дейді мамандар. 
Қала әкімінің қаулысына сәйкес, қашан осы төтенше жағдайлардың салдары жойылады, қашан қар, басқа іс-шаралар  қалпына келтіріледі сол кезде төтенше жағдайлар алынып тасталады. Қалада төтенше жағдай туралы комиссия бар. Сол комиссияның шешімімен қала әкіміне ұсыныс енгізіледі. Одан кейін барып алынып тасталады, – деді қалалық төтенше жағдай департаментінің бастығы  Бауыржан Сыздықов.

Өзгелердің жаңалығы