Астаналық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасында кезекті рет жеңілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елордалықтар өз айдынында минскілік "Динамоға" 2:5 есебімен жол берді.
Осылайша, астаналық клуб плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.
Магнитгорскіде жергілікті "Металлургті" "Нефтехимик" 4:2 есебімен жеңген соң, астаналық клуб плей-оффтан үмітін үзген Шығыс конференциясындағы алғашқы команда атанды.
"Барыс" 64 ойында 59 ұпай жинап, Шығыс конференциясында ең соңғы орында қалды.
ҚХЛ-дағы кезекті матчты астаналықтар 18 ақпан күні "Куньлунь Ред Стар" командасына қарсы ойнайды.