Астаналық "Барыс" хоккей клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Нұрлан Оразбаев астаналық ұжымға былтыр 17 қазанда Борис Иванищевтің орнына тағайындалған еді. Оразбаев бұған дейін де басшылық лауазымды екі рет атқарған.
Оразбаев келгелі "Барыс" хоккей клубы бірқатар маңызды өзгерісті бастан өткерді. Жаңа басшылықтың алғашқы шешімдерінің бірі деп солтүстікамерикалық легионерлермен келісімшартты тоқтату болды.
Ал 2025 жылдың қаңтарында клубтың бас директоры "Барыстың" балалар мен жасөспірімдер командаларының Ресей чемпионатында маусымды мерзімінен бұрын тоқтататынын айтты.
Алайда, еліміздің Туризм және спорт министрлігінің араласуынан кейін, маусымды аяқтау туралы шешім қабылданды. 8 сәуірде балалар командаларының келесі маусымда да Ресей чемпионатында бақ сынайтыны анықталды.
"Барыс" Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 68 матчта 35 ұпай жинап, 12-орынды иеленді. Бұл – клуб тарихындағы ең төменгі көрсеткіш болды.
Нұрлан Оразбаев 1968 жылы дүниеге келген. Спорттық мансабында қарағандылық "Автомобилист", теміртаулық "Болат" және елордалық "Барыс" командаларында ойнаған.