Бартоғай су қоймасы биыл 300 млн текше метрге жуық су жинады

Үш күнде судың деңгейі 1,5 метрге көтерілді

11 Қыркүйек 2024 2024, 09:28
АВТОР
 скрин 11 Қыркүйек 2024 2024, 09:28
11 Қыркүйек 2024 2024, 09:28
1090
Фото: скрин

Алматы облысындағы Бартоғай су қоймасы биыл 300 млн текше метрге жуық су жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір мұнда 185 млн текше метр су бар. Бүгінгі таңда шаруалардың сұранысы бойынша су қоймасынан секундына 86 текше метр су жіберілуде. Төменге тасталған су Үлкен Алматы каналы арқылы Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының 85 мың гектардан астам жерін суаруға пайдаланылады. Суару маусымы басталғалы Бартоғай су қоймасынан дихандарға 625 млн текше метр су жіберілді.

Биыл су жақсы, мол келді. Әлі де келіп жатыр. Бір күнде секундына 195 текше метрден су келген фактілер тіркелді. Үш күнде ғана судың орташа деңгейі 1,5 метрге көтерілді,- дейді Бартоғай су қоймасының қызметкері Сәбит Орынбаев.

Наверх