«Барселона» клубы Аргентинаның ұлттық құрамасы мен «ПСЖ» командасының шабуылшысы Лионель Мессиге Испанияға қайта оралған жағдайда жылына 25 млн еуро көлемінде жалақы ұсынатынын хабарлады. Бұл туралы ақпаратты Сhampionat.com таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сhampionat.com сайтының мәліметіне қарағанда, «Барселона» Мессиге бір жылға келісімшарт ұсынады. Келісімшартты тағы бір маусымға созу мүмкіндігі қарастырылған. Каталониялық клуб ұсынған жалақы аргентиналық шабуылшының «ПСЖ»-да алып жүрген айлығынан төрт есе аз.
Мессидің «ПСЖ» клубымен келісімі 2023 жылдың маусымында аяқталады. Содан кейін шабуылшы еркін агент бола алады.
«Барселонадан» басқа Мессиді Сауд Арабиясының «Әл-Хилял» клубы да қатарына алғысы келеді. Олар жылына 400 млн еуро көлемінде жалақы ұсынуға дайын.