6 қыркүйекте жоғалып кеткен бармен жігіттің денесі табылды

21 Қыркүйек 2019, 12:10
2201
Бөлісу:
6 қыркүйекте жоғалып кеткен бармен жігіттің денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 қыркүйекте жоғалып кетіп іздеуде болған 24 жастағы Әнуар Байзуровтың денесі табылды, деп хабарлады елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

20 қыркүйекте сағат 13.30-да Қарқаралы тас жолының бойындағы Қосшы ауылына жақын жерде 6 қыркүйектен бері іздестіріліп жатқан Әнуар Байзуровтың денесі табылды. 

"6 қыркүйекте үйден шығып, қайтып оралмаған Ә. Т. Байзуровтың орналасқан жерін анықтау үшін полиция департаментінің жеке құрамы жұмылған болатын. Мәйітті тексеру барысында зорлық-зомбылықтың белгілері болған жоқ. Өлімнің себебі - тыныс алу жолдарының асфиксиясы деген болжам бар. Аталған дерек бойынша қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында. 

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 105-бабы "өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу" бойынша жүргізіледі.

Айта кетейік, 6 қыркүйекте бармен жігіттің жоғалып кеткендігі хабарланған болатын. Жігіттің не себепті жоғалғаны белгісіз болды. Алайда, оның ойын автоматтарымен жиі ойнайтыны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы