Барлық тапсырмалар қысқа мерзімде орындалуы тиіс – Бектенов

22 Шілде 2024, 18:53
920
Бөлісу:
Барлық тапсырмалар қысқа мерзімде орындалуы тиіс – Бектенов
PHOTO
Фото: Үкімет

Үкімет басшысы Олжас  Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккен Темір және Ойыл аудандарының тұрғындары үшін салынып жатқан жаңа үйлер құрылысының қарқынымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жылдың 17 шілдесінде өткен су тасқынынан кейін тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселелері жөніндегі кеңесте әкімдік пен тиісті министрлікке берілген жұмыстарды жеделдету, күштер мен арнайы техниканы жұмылдыру бойынша тапсырмалардың орындалуы тексерілді.

Барлық тапсырмалар қысқа мерзімде орындалуы тиіс – Бектенов

Олжас Бектенов Ойыл ауданы Қаратал ауылында салынып жатқан үйлерді аралап көрді, бұған дейін олардың жоспардан 15-25 күнге кешігуі туралы мәселе көтерілген болатын. Елді мекенде су тасқыны салдарынан 210 ғимарат зақымданды, оларды тексеру жұмыстары толығымен аяқталды. Ауыл тұрғындары үшін қайталама нарықтан 60 үй сатып алынды. Жөндеуге жататын 18 нысан бойынша тиісті төлемдер жүргізілді. Ауылда тұруға жарамсыз деп танылған үйлердің орнына 132 тұрғын үй салынып жатыр.

Премьер-министр мердігер компаниялардың арнайы техникамен және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу жағдайымен танысты. Қазіргі таңда 132 үйдің барлығының іргетасы құйылып, 120 үйде қабырға қалау жұмыстары аяқталды, 65 үйдің шатыры жабылды, ал 30 үйдің ішкі құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Барлық тапсырмалар қысқа мерзімде орындалуы тиіс – Бектенов

Олжас Бектенов құрылыс алаңдарына қосымша күш пен арнайы техника тартуды тапсырды.

Премьер-министр Темір ауданы Құмсай ауылындағы құрылыс барысын тексерді. Су тасқыны салдарынан мұнда 46 тұрғын үй зақымданды. Ауыл тұрғындары арнайы сатып алынған 18 үйге қоныстанды, 7 үй жөндеуден өтті. 21 жаңа үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр, қазіргі уақытта қабырға қалау жұмыстары толығымен аяқталды. 19 жаңа ғимараттың төбесі жабылса, оның 6-ында ішкі құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Премьер-министрге Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев тұрғын үйді, инфрақұрылымды қалпына келтіруге және өтемақы төлеуге қатысты өңірдегі қазіргі жағдай туралы баяндады.

Барлық тапсырмалар қысқа мерзімде орындалуы тиіс – Бектенов

Инфрақұрылым мен тұрғын үйлер су тасқынынан қатты зардап шекті. Президент жолдар мен әлеуметтік нысандарды реконструкциялауды, үйлерді қалпына келтіруді және жаңадан салуды тапсырды. Барлық тапсырмалар қысқа мерзімде орындалуы тиіс. Бұл үшін әкімдіктерге Үкімет пен салалық министрліктерден толық қолдау көрсетіледі, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

 Үкімет басшысы облыс аумағында орналасқан гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне жеке тоқталды. Мәселен, 206 құрылымның 15-і қираған.

Су тасқынының салдарын жою үшін қазіргі уақытта қажетті жұмыстар жүргізілуде. Гидроқұрылыстар бойынша барлық процестерді жеделдету, сондай-ақ 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында қауіптің алдын алу туралы тапсырмалар берілді. Сонымен қатар өңірде 58 көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бұзылған жолдарды жөндеу және реконструкциялау үшін ҚР Үкіметінің резервінен 10,2 млрд теңге, облыстық резервтен 6,4 млрд теңге бөлінді.

Барлық тапсырмалар қысқа мерзімде орындалуы тиіс – Бектенов

Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде.

Барлығы 100 су өткізгіш құбырды, 23 көпірді, 47,2 км жолды салу және жөндеу жоспарда бар.

Өзгелердің жаңалығы