"Қазгидромет" 9 ақпанға Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі.
Алматыда түнде тұман болады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Күндіз батыста, оңтүстікте және таулы өңірлерде көктайғақ болжанады.
Түркістан облысында күндіз оңтүстігінде және таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Түнде таулы жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Батыста, солтүстікте және таулы өңірлерде тұман түседі.
Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Түркістан қаласында да түнде және таңертең тұман болады, жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын болады. Тұман мен көктайғақ болжанады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау қаласында тұман мен көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысында тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде екпіні 23–28 м/с-қа жетеді.
Тараз қаласында кей уақытта тұман болады, таңертең және күндіз жел 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, кей кездері 23 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысында түнде және күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ күтіледі. Бірқатар аудандарда тұман болады.
Ақтауда күндіз көктайғақ болжанады.
Ақмола облысында түнде қар жауып, боран соғады, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, боран мен көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман күтіледі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Көкшетауда күндіз жауын-шашын, негізінен қар жауып, көктайғақ болады.
Абай облысында жел күшейеді. Түнде екпіні 23–28 м/с-қа жетсе, күндіз 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Кей уақытта желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. Алдағы күндері де жел күшейіп, екпіні 30 м/с-тан асуы ықтимал.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Тұман мен көктайғақ болжанады. Күндіз жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Орал қаласында қар жауып, тұман мен көктайғақ болады, күндіз жаяу бұрқасын болуы ықтимал.
Ұлытау облысында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, боран мен көктайғақ күтіледі. Күндіз де жауын-шашын мен боран сақталады. Кей жерлерде тұман болады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, түнде және таңертең кей аумақтарда 23–28 м/с-қа жетеді.
Жезқазғанда түнде және таңертең жауын-шашын түсіп, боран мен көктайғақ болады, кей уақытта тұман күтіледі.
Ақтөбе облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, көктайғақ пен тұман болады, түнде облыстың орталығында жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Жел 15 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтөбе қаласында көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең тұман болады.
Қостанай облысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, күндіз жауын-шашын түсіп, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман болады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай қаласында таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында жел күшейеді. Түнде екпіні 15–20 м/с-қа жетсе, күндіз 23–28 м/с-қа дейін күшейіп, кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. Алдағы күндері де желдің қатты екпіні сақталады.
Жетісу облысының солтүстігінде және таулы аудандарында кей уақытта тұман болады. Алдағы күндері жел 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, екпіні 23–28 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстігі мен орталығында тұман болжанады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда қаласында кей уақытта тұман болады.
Павлодар облысында күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Петропавл қаласында күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын болады.