Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Барлық бағыттағы республикалық маңызы бар жолдар ашылды

3 Желтоқсан 2022, 18:43
1441
Бөлісу:

Ауа райының жақсаруына байланысты барлық бағыттағы республикалық маңызы бар жолдар ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚазАвтоЖол» таратқан мәліметке сәйкес, бұған күн райының жақсаруы себеп болған.

Бұған дейін 2 желтоқсан күні кешкісін Қарағанды облысының тасжолдарында боран соғуы себепті 1353-1426 шақырымда «Екатеринбург-Алматы» автожолындағы көлік қозғалысына шектеу қойлды. Бұл бағыт Ақмола облысының Теміртау қаласына дейінгі жолды құрайды. 

Сондай-ақ Ақмола облысында 1291-1353 шақырымдағы «Екатеринбург-Алматы» тасжолы жабылды. 

Бұл – Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі жол.  

Өзгелердің жаңалығы