Барлық азаматтың ақпаратқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету өте маңызды – Әзімова 

17 Қаңтар 2022, 18:34
1166
Бөлісу:
Барлық азаматтың ақпаратқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету өте маңызды – Әзімова 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Біз Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне, Бас прокуратураға барлық қабылданған шара туралы БАҚ-та толық хабарлау туралы өтініш білдірдік. Соңғы күндері көріп отырғаныңыздай, бұл өтініш естілді. Барлық азаматтың ақпаратқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету өте маңызды. Бірінші кезекте қылмыстық немесе әкімшілік сот төрелігінде адамдар туралы сөз болып отыр. Шетел азаматтары үшін де осындай ақпарат қажет. Сондықтан шетел азаматтарын ұстау туралы шетел дипломатиялық өкілдеріне дереу қабылдау керек, - деді ол.

Әзімова прокуратура бұл талапты орындайтынын  жеткізді.

Тәртіпсіздік болған күндері ақпарат жүйесі зақымданғаннан кейін Алматы мен Нұр-Сұлтан мекемелерінде ұсталған азаматтарды анықтау қиындық тудырды. Көбінің туыстары ұсталған туғандары туралы ақпаратты кеш алды. Денсаулық сақтау мекемелерінде де осындай жағдайлар болды, - деді Әзімова.

Өзгелердің жаңалығы