Барлығына дайын болыңыздар: Абаев карантинді ұзартуға қатысты сауалға жауап берді

1 Сәуір 2020, 17:57
5987
Бөлісу:
Барлығына дайын болыңыздар: Абаев карантинді ұзартуға қатысты сауалға жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантинді ұзартуға қатысты сауалға жауап берді

Қазір карантинді ұзарту туралы айту ерте. Ешкім екі апта бұрын эпидемиологиялық жағдайдың қалай болатынын нақты айта алмайды. Бірақ біз барлығына дайын болуымыз керек. 
Сондықтан кеше айтылған барлық шаралар – жағдай күрделеніп кетсе де тыныштық пен тұрақтылықты сақтау кепілі. Ол үшін бізде қажетті шарттардың барлығы жасалған, - дейді Абаев.
Ол мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша нақты жұмыс жоспары және Ұлттық қорда жиналған қаражат бар екенін еске салып өтті.
Осы ретте Ұлттық қорға қаражат жинау шешімі Елбасының көрегендігінің тағы бір дәлелі деп айтуға болады, - дейді ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 16 наурыз - 15 сәуір аралығында елде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. 19 наурыздан бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланды. 28 наурызда карантин күшейтілді.
Өзгелердің жаңалығы