Барлық науқасқа вирусқа қарсы терапия тағайындау қажет емес – Тоғжанов

5 Шілде 2020, 20:21
1696
Бөлісу:
Барлық науқасқа вирусқа қарсы терапия тағайындау қажет емес – Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев пандемия кезінде дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтерілуі бойынша тапсырма берді. Қазақстан президенті ел азаматтардың еміне, олардың дәрі-дәрмекке қолжетімділігіне ерекше мән беріп отыр. Бұл мәселе – Үкіметтің күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі. Соңғы 10 жылда отандық фармацевтика саласында өндіріс 7 есеге артты. Бүгінгі таңда ауруханалар қажетті коронавирусты емдеу үшін дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Қазір мекемелерде 17 700 адам жатыр, болашақа кепілдік болу үшін 27 мың науқас дәрілік заттармен қамтамасыз етілді. Мұнымен жұмысты тоқтап отырған жоқпыз, - деді Ералы Тоғжанов. 
Ол атап өткендей, 59 мың науқасқа дейін дәрі-дәрмек сатып алынады. 
Аймақтар арасында 4 мың науқас үшін 160 мың таблетка лопиновир мен ритонавир таратылуда. 15 шілдеге дейін қосымша 840 мың лопиновир, ритонавир, 61 мың гидроксиль, хлорофилл,11 мың флакон ремдесивир, 15 тамызға дейін 440 мың дәрі жеткізіледі. Бұл ретте барлық науқастарға вирусқа қарсы терапия тағайындау тиісті емес. Ол орташа ауыр және ауруы төмен науқастарға тағайындалады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы