Барлық мектепті онлайн оқытуға көшіру дұрыс емес – депутат

21 Тамыз 2020, 12:19
2924
Бөлісу:
Барлық мектепті онлайн оқытуға көшіру дұрыс емес – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде қатты талқыланып жатқан мәселенің бірі - балалардың жаңа оқу жылы. Иә, мына пандемия қатер болып тұр. Бірақ сақтану ережесін орындаған жағдайда оны ауыздықтауға болатынын көріп отырмыз, деп жазды Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев facebook-тегі парақшасында. 

Сондықтан да барлық мектепті онлайн оқыту тәртібіне көшіру, менің пікірімше, дұрыс емес. Төртінші тоқсанда онлайн қалай өткенін өз көзіммен көрдім. Мектептегідей зейін қойып тыңдау жоқ балада, мұғалім айтқанын тек бір құлақпен тыңдап, ойы бөлініп отырады. Ал бұл баларға жаңа тақырыптарды үйренуге кедергі, - дейді ол. 

Депутат атағандай, тек математикадан бір теорема дұрыс қабылданбаса, ол бала сол сабақтан әрі қарай ештеңе түсінбей кетеді.
Мұны әр мұғалім біледі. Сондықтан білім министрлігі пандемияны сылтау етіп, оңай жол іздемей мектептерде қатаң санитарлық норманы енгізіп, балаларға мектепте дәріс алу мүмкіндігін туғызуы керек. Осы вирус шыққан қытайдың Ухань қаласы үш айдан кейін мектептерінде оқушыларын қабылдап, қатаң санитарлық тәртіпті сақтай отырып, оқу процесін жалғастырды. Неге сол тәсілді қолданбай шолақ шешімге барамыз? Менің пікірімше, министірлік әлі де ойлану керек, мектептерді қаңыратпай. Үш ай министрлік ұйқтамай, мектептерді жаңа эпидемиялық жағдайда оқу мүмкіндігін жасауы керек еді. Соған не кедергі болды???, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы