Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Бәрін брондаған": Алматыда "Реал" тоқтаған қонақ үйде не болып жатыр

Нұрқанат Атажан
29 Қыркүйек 2025, 11:30
3996
Бөлісу:
 видеодан алынған кадр
VIDEO
Фото: видеодан алынған кадр

Мадридтік "Реал" қай қонақ үйге тоқтағаны белгілі болды. БАҚ-та ол жерден бөлме брондау мүмкін еместігі айтылып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мадридтік "Реалдың" ресми сайтында хабарланғандай, команда Алматыдағы InterContinental қонақ үйіне орналасты. 

Спорт Шредингера басылымы бес жұлдызды қонақүйдің брондау сервистерінде тіркелу мүмкін еместігін анықтады. "Реал Мадрид" бүкіл қонақүйді түгел брондап қойған.

Telegram-арнада жарияланған бейнежазбаларда жанкүйерлер тіпті түнгі уақытта да испан командасын қонақ үйде жібермей қойғаны көрсетілді. Кадрларда жанкүйерлер атақты футболшыларды дәлізде қоршап, телефонға түсіріп жатқанын көруге болады. "Реалдың" ұшуы 8 сағаттан аса созылып, команда мінген ұшақ Алматыға жергілікті уақытпен 00:50-де қонған.

Желіде Килиан Мбаппе тамақ алып жатқан құпия видео да жарияланды.

Айта кетейік, өткен түнде Алматы әуежайына испандық "Реал Мадрид" футболшылары қонған ұшақ келіп жетті. Әлемге атақты футболшыларды Алматы әуежайында қазақы қонақжайлықпен қарсы алды.

30 қыркүйекте қазақстандық "Қайрат" пен мадридтік "Реал" матчы өтеді. Кездесу Алматының Орталық стадионында сағат 21:45-те басталады.

Өзгелердің жаңалығы