Қазақстанның соңғы жаңалықтары

“Барахолкадағы” өрт: кінәлі кім?

Нұрқанат Атажан
12 Тамыз 2025, 14:28
1357
Бөлісу:
 автордан
PHOTO
Фото: автордан

Кеше, 11 тамызда Алматыда халық арасында “Барахолка” деп танылған базарда өрт шықты. Тілсіз жаудың салдарынан асхана өртеніп кетті. Бұл жағдайға кінәлі кім? Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі оқиға орнына барып, анықтап көрді.

Өрт "Үш-Қоңыр" базарында, Солтүстік сақина көшесі, 122 мекенжайында болған. Қызыл жалын екі 20 тонналық контейнерге тараған, одан сыйымдылығы 25 литрлік екі газ баллоны эвакуацияланды. Төтенше жағдай департаменті мәліметінше, өрттің жалпы ауданы – 70 шаршы метр. Алайда базар әкімшісінің айтуынша, жалын тек 20 шарлы метрге тараған. Ол өрт қауіпсіздігі үшін орынды жалға алушылардың өздері жауап беретінін айтты.

“Барахолкадағы” өрт: кінәлі кім?

Өрттің себебі – контейнерді жалға алушы кәсіпкер мұздатқышты тоққа қосып кеткен, содан қысқа толқынды тұйықталу болған. Базар басшылығы тарапынан ол кісіге ешқандай шағым-талабымыз жоқ. Керісінше осындағы саудагерлермен бірге қаржылай қол ұшын созамыз. Жаңа орын да тауып береміз. Өрт қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстарын ТЖД қызметкерлері базарға келіп жүргізіп тұрады, – деді "Үш-Қоңыр" базарының әкімшісі Еңлік Тойбаева.

Өртенген асхана сақтандырылмалған. Оның иесі Пернегүл Сәрсенова өрт салдарынан өзіне келген шығын 1 миллион теңгеге бағаланатынын және ешкімге шағым білдірмейтінін айтты.

“Барахолкадағы” өрт: кінәлі кім?

"Үш-Қоңыр" базарының әкімшісі қазір жалпы аумақты Жол картасы бойынша жаңғырту жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Астанада "Биг Шанхай" базары өртенген болатын. Салдарынан 300 кәсіпкер зардап шекті

Өзгелердің жаңалығы