Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Бақытты шаңырақ": Астанада ерекше балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

11 Шілде 2025, 08:31
549
Бөлісу:
 gov/kz
Фото: gov/kz

Елордада ерекше балалар және олардың отбасыларына арналған оқу-оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Орталықта балаларға және ересектерге арналған екі бөлім бар. Бірінде көбіне оңалтуға көңіл бөлінсе, бірінде оқуға назар аударылады. Аталған орталыққа қор қанатының астындағы ерекше балалар ғана емес, олардың бауырлары мен ата-аналары да келіп, тегін ем алып, курсқа қатысып, пайдалы іспен шұғылдана алады.

Мұнда ойын және сауықтыру жаттығулары, массаж жасалады. Сондай-ақ музыка, сурет көрмелері және тігін бөлмесі мен арнайы асхана да бар.

"Бақытты шаңырақ" қоғамдық қорының төрайымы Ботагөз Сұлтанованың айтуынша, бұл қорға қарасты екінші орталық. Алғашқысы Р.Қошқарбаев даңғылы бойында орналаса, бұл жолы Ы.Дүкенұлы көшесінде ашылды.

Айта кетейік, қорға қарасты 1092 отбасы, 2876 бала және 1180 ерекше бала бар. Аталған орталық демалыссыз жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы