Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 8 наурыз мерекесімен құттықтады.
Ардақты аналар, аяулы апа-қарындастар, сүйікті арулар!Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілікке, мейірім мен шапағатқа бөлейді, - деді ол.
Министр атағандай, әйел азаматтар отбасының ғана емес, мемлекетіміздің берекесі, мерейі. Арулар игере алмайтын, жетістікке жете алмайтын сала жоқ.
Отанымыздың дамуына үлес қосып, түрлі салада жетістікке жетіп келеді.Мереке күнін пайдалана отырып баршаңызға алғыс айтамын! Мықты денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін, - деді Сұлтанов.