Бақылаушылар Алматыдағы дауыс беру барысына оң баға берді

19 Наурыз 2023, 19:31
652
Бөлісу:
Бақылаушылар Алматыдағы дауыс беру барысына оң баға берді

Алматыдағы бүгінгі сайлау барысына жалпықалалық баспасөз орталығының брифингінде Тула қалалық  думасының 6-шы шақылымының депутаты,  Дума (РФ) төарағысының орынбасары Евгений Смолянинов осындай баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маған ұлы Қазақстан еліне келу бақыты бұйырды, білесіздер ме, мен бізді күтіп алған, сапарымызды ұйымдастырған адамдарға алғыс айтқым келеді. Қазақстанның тарихы таң қалдырады. Бүгін біз 11-ге жуық бөлімді араладық, ешқандай ескертулерді байқамадық, барлығы заң аясында. Менің бір аңғарғаным, адамдардың өз сайлау учаскелеріне жылы жүзбен, қуана келіп жатты. Адамдар өздерінің  Ұлы елінің тағдырын шешкісі келеді, - деді спикер.

Сонымен бірге, ол учаскелік комиссия мүшелерінің ұлттық стильде өте әдемі етіп жарасымды киінгенін атап өтті. 

Мен әр түрлі партиялардан және бір мандатты кандидаттардан көптеген бақылаушыларды байқадым. Ал бұл бақылаушылар негізінен жастар, сайлаушыларға келетін болсақ, таңертең жасы үлкен адамдар қатары көбірек болды, жастар түске таман ұйқыларынан тұрып, ел тағдырын таңдауға ат салысуда. Әр учаскеде ұлттық тағамдар таратылып, дастархан жайылды, - деп жалғастырды Смолянинов.

Жалпы, Алматы қаласындағы сайлау учаскелерінде оң динамика байқалады. Спикер біздің елдер арасындағы сайлау үдерісінен ешқандай айырмашылық көрмеді. Ол Қазақстанда сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған деп есептейді.

Сөз соңында Ресей Федерациясынан келген спикер бір қызық оқиғаны айтып берді, бүгін бір алматылық қарт келіп, жас кезінде таңдау құқығы болмағанын, қазір таңдау құқығы бар екенін айтқан екен.

Өзгелердің жаңалығы