Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Жаңа шынайы жағдайдағы машина жасау саласы» тақырыбы бойынша БАҚ арасындағы байқаудың жеңімпаздары жарияланды. Байқауды Қазақстан машина жасаушыларының одағы ұйымдастырды.
Қазақстан машина жасаушылар одағы атқарушы дирекциясы директоры Өмірсерік Ержанов жеңімпаздарға дипломдарды табыс етті.
Машина жасау - әлемдік экономиканың негізгі салаларының бірі. Машина жасау 37 саладан тұрады. Ел экономикасын өндіріс құралдарымен қамтамасыз етеді. Күнделікті өмірде өндіріс пен тұрмыста қолданылатын құрал-жабдықтар машина жасаумен байланысты. Барлық өңдеуші өндірістерді дамытуға жәрдемдеседі: отын-энергетика, көлік-логистикасы, экономиканың өндіруші секторлары мен ауыл шаруашылығы, - деп атап өтті ол.
Өмірсерік Ержанов жеңімпаздарға машина жасау саласының дамуына қосқан үлестеріне алғысын жеткізді.
Машина жасау саласын ақпараттық қолдауға қосқан үлестеріңізге рахмет! Конкурсқа ұсынған мақала мен репортаждың сапасы жылдан жылға өсіп келетінін атап өту керек. Биыл 20-дан астам өтініш түсті, оның 13-і талапқа сай келді. Кей материалдар мерзім бойынша үлгермеді. Бірі мазмұны бойынша келмеді, - деді ол.
Конкурс үш номинация бойынша жарияланған болатын.
«Телевизиядағы үздік материал» номинациясы:
I орын - Бірлік Берікұлы, Хабар агенттігі;
II орын - Раушан Сайлауқызы, Qazaqstan ұлттық арнасы;
III орын - Уатхан Хабалтай, телеканал СТВ.
«Газет пен журналдағы үздік мақала» номинациясы:
II орын - Фархат Амренов, «Егемен Қазақстан" газеті;
III орын – Дастан ЕЛДЕС, «Қазақ үні» газеті.
«Интернет-БАҚ-тағы үздік мақала» номинациясы:
I орын - Гүлжан Раманкулова, BAQ.KZ ақпарат агенттігі;
II орын – Даурен Ерболатов, Инбизнес.kz сайты;
III орын – Назерке Сюндюкова Стратегия2050.kz сайты.