Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Qazaqstan Ұлттық арнасына берген сұхбатында айтты.
Елімізде демографияның артуымен бірге мемлекеттік тілдің мәртебесі де артып келеді. Статистикаға жүгінетін болсақ, мемлекеттік телеарналардағы, БАҚ-тағы мемлекеттік тілдің үлес салмаңы 83%. Бұл жерде жеке арна, жеке БАҚ-ты қосып отырған жоқпыз, - деді министр.
Ақпарат министрінің сөзінше, мемлекеттік тапсырыспен қазақ тілінде (мемлекеттік тілде – авт.) шығатын, көрсетілетін өнімнің үлесі көбейген.
Биыл жылдың соңына дейін 85%-ға көбейеді деп ойлап отырмыз. Әлеуметтік сауалнамалар да соны көрсетіп отыр. Жалпы қазақ тіліне деген сұраныс артып келеді. Balapan, Qazaqstan арнасы 100% қазақша. Өткенде футболдан әлем додасын жұртымыз қазақ тілінде тамашалады. Бұл журналистика саласындағы қазақтілді журналистердің бәсі биіктей түскенін көрсетеді, - деп атап өтті Қыдырәлі.