Қазақстанның соңғы жаңалықтары

БАҚ Путинмен кездесу туралы шындықты әдейі бұрмалап отыр – Трамп

18 Тамыз 2025, 00:30
884
Бөлісу:
 Allison ROBBERT / AFP
Фото: Allison ROBBERT / AFP

АҚШ президенті Дональд Трамп бұқаралық ақпарат құралдарын Ресей президенті Владимир Путинмен Аляскада өткен кездесудің нәтижелерін қасақана бұрмалап көрсетуде деп айыптады. Бұл туралы BAQ.KZ Известия басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалған жаңалықтар маған қатысты шындықты қалай бұрмалайтыны таңғаларлық. Не айтсам да, не істесем де, олар мен туралы адал жазбайды. Мен Аляскада керемет кездесу өткіздім, – деп жазды Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында.

Осыған дейін Ақ үй басшысы Ресейге қатысты "үлкен ілгерілеушілікке" қол жеткізілгенін айтқан болатын.

Еске сала кетейік, 15 тамызда Трамп пен Путиннің кездесуі АҚШ-тың Аляска штатындағы Анкоридж қаласында өтті. Келіссөздер шамамен үш сағатқа созылды.

 Саммит қорытындысында Владимир Путин америкалық әріптесінің Украинадағы қақтығысты реттеуге ниетті екенін атап өтті. Ал Дональд Трамп келіссөздерді "өте сәтті" деп бағалап, Аляскадағы саммитті "керемет кездесу" деп атады.

Өзгелердің жаңалығы