Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Қазақстан шахмат федерациясы және «Qazcontent» АҚ бірлесе отырып «QAZCONTENT OPEN 2026» шахмат турнирін ұйымдастырады.
Турнир 2026 жылдың 20 маусымында Астана қаласындағы Spaces коворкингінде (Самал шағын ауданы, 11) өтеді.
Қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-де басталады.
QAZCONTENT OPEN 2026 турнирі швейцариялық жүйе бойынша 7 турдан тұрады, «Swiss-Manager» компьютерлік бағдарламасы қолданылады. 4 үздік қатысушы жартылай финалға шығып, нокаут жүйесі бойынша ойнайды. Қатысуға теледидар, баспа, радио, интернет БАҚ қызметкерлері, сондай-ақ блогерлер мен инфлюенсерлер шақырылады.
Жеңімпаздарға дипломдар, бағалы сыйлықтар және жүлде қоры табысталады.
• 1-орын — 500 000 теңге
• 2-орын — 200 000 теңге
• 3-орын — 100 000 теңге
Барлық нәтиже халықаралық Chess-Results.com платформасында жарияланады.
Қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркелу қажет: https://arshat.kz/chess.html
Тіркеу 2026 жылғы 18 маусым күні сағат 18:00-де аяқталады.
Турнирге ФИДЕ блиц-рейтингі 2000-нан аспайтын, кәсіби шахматшы немесе жаттықтырушы болып табылмайтын тұлғалар ғана қатыса алады.
Құрметті БАҚ және медиа өкілдері, сіздерді турнирде асыға күтеміз! Зияткерлік демалысты әріптестеріңізбен бірге өткізіңіз!