Америка Құрама Штаттары Біріккен Араб Әмірліктеріне Иранға тиесілі аралдардың бірін басып алу жөнінде ұсыныс жасаған.
Бұл туралы The Telegraph жазды.
Басылым мәліметінше, Трамп әкімшілігінің өкілдері БАӘ-ні Иранмен қақтығысқа белсендірек араласуға және Парсы шығанағындағы Тегеранға тиесілі аралдардың бірін бақылауға алуға үндеген.
АҚШ президентінің қауіпсіздік қызметінде жоғары лауазым атқарған бұрынғы қызметкердің сөзінше, әңгіме Лаван аралы туралы болып отыр. Кей деректерге қарағанда, сәуір айының басында бұл аралға БАӘ тарапынан құпия әскери шабуыл жасалған болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмаған.
Барып, басып алыңдар! Бұл АҚШ әскері емес, БАӘ әскері болады, – деген басылым дереккөзі.
Әзірге АҚШ пен Иран билігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.