Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева мәлім етті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен ҮЕҰ, мемлекеттік органдар, сарапшылар қоғамдастығы және БАҚ өкілдері қатарынан 20 000-нан астам қатысушыны қамтып, оның ішінде 150 делегат Алматы қаласында өтетін оффлайн іс-шараға қатысады деп күтілуде. Форум апталығының онлайн-трансляциясы Facebook парақшалары мен YouTube платформасында көрсетілетін болады, - деп атап өтті ол.Жиын аясында 30-дан астам пікірталас алаңы, сараптамалық талқылаулар, фасилитациялық және панельдік сессиялар ұйымдастырылады.
Спикерлер мен модераторлар ретінде 100-ге жуық халықаралық және шетелдік ұйым, бизнес-құрылымдардың, квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҮЕҰ көшбасшылары, ғылыми және шығармашылық одақтардың, өңірлік және ұлттық даму институттарының басшылары, азаматтық белсенділер, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар сөз сөйлейді. Олар қазақстандық ҮЕҰ қолдау және қоғамдық бастамаларды дамыту жөніндегі өз ұсыныстары туралы айтып, әлеуметтік әріптестікті жүйелі дамытуды қамтамасыз ету үшін Қазақстанда филантропиялық және қайырымдылық қызметті дәріптеу тәжірибесімен бөліседі, - деді Бану Ғаниқызы.