Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бірінші қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев азамат өзін банкрот деп жарияласа, оның банкте кепілде тұрған үйі кімнің меншігінде қалатынын түсіндірді.
Бүгін ОКҚ алаңында «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң талқыланған болатын.
Егер азамат ипотекалық несие алып, басында уақытылы төлеп отырады. Кейін белгілі бір себептерге байланысты төлей алмай қалады. Осы ретте азамат өзін банкрот деп жарияласа, оның банкте кепілде тұрған үйі банктің меншігіне өте ме, әлде өзінде қала ма? – деп журналист сұрақ қойды.
Марат Сұлтанғазиевтің пікірінше, үй несие алушының меншігінде қалады.
Егер ол (үй – ред.) болса, сот арқылы банктің өндіру мүмкіндігі бар. Ал егер несие бойынша кепілде болмаса, банктің оны өндіруге ешқандай құқы болмайды. Бұдан басқа талқыланып жатқан мәселе бар. Атап айтқанда, сол несиенің жартысынан көбісін не біршама бөлігін бөлесе, ол соттың шешіміне байланысты болады. Яғни үйді банк меншігінде немесе азаматта қалдыруды сот шешеді. – деп айтты вице-министрі.
Оның сөзінше, министрліктегі бар мәліметке сәйкес бүгінгі күнге дейін кепілдікте тұрған үйді банкке бергені туралы бірде-бір шешім жоқ. Тәжірибе бойынша сот үйді несие алушының өзінде қалдырып тұр.