«Банкрот болсақ, қарызды жаба салады» деген түсінік болмауға тиіс - Смайылов

31 Қазан 2023, 15:21
1415
Бөлісу:
«Банкрот болсақ, қарызды жаба салады» деген түсінік болмауға тиіс - Смайылов
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды.Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шамадан тыс кредит алу проблемаларын түбегейлі шешу үшін банктерде және алушылардың санаттарына қарай тұтынушылық кредит шарттары бойынша шектеулер енгізу қажет. Микроқаржылық ұйымдардың, әсіресе «жалақыға дейін» қарыз беретін ұйымдардың шекті кредиттеу мөлшерлемелерін, сомалары мен мерзімдерін қайта қарау қажет. Осыған байланысты, ұсынылып отырған барлық заңнамалық түзетулер пысықталып, жыл соңына дейін Парламентке енгізілуі тиіс. Аталған шаралар азаматтардың шамадан тыс қарыз алуын шектеуге және тұтыну кредиттерін беруде тәуекелдерді азайтуға ықпал етеді, - деді ол.

Премьер халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін Оқу-ағарту министрлігі қаржылық сауаттылық курстарын енгізу мәселесін пысықтауы керегін айтады.

Ғылым министрлігі бұл мәселелерді жоғары оқу орындарымен бірге қарауы тиіс. Кәмелетке толған жастар өздерінің қаржылық мүмкіндіктерін қалай дұрыс есептеу керектігін, кредитті қалай және қандай кредит алу керектігін нақты түсінуі керек. Мұндай тәжірибе көптеген елдерде бар. Халықтың шамадан тыс кредит алу проблемасын шешу құралдарының бірі – азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы институты болып отыр, - деді Үкімет басшысы.

Бүгінгі таңда 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды.

Сонымен бірге борышкерлердің бәрінде бірдей банкроттық рәсімін пайдалану мүмкіндігі жоқ. Проблемалық қарыз алушыларды көбірек қамту үшін Қаржы министрлігі осы жылдың соңына дейін құжаттар беруді оңайлату және соттан тыс банкроттықты қолдану рәсімін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Бірақ, адамдарда «банкрот болсақ, қарызды жаба салады екен» деген қате түсінік болмауға тиіс. Бұл – үлкен жауапкершілігі мен белгілі бір шектеулері бар маңызды қадам, - деді Смайылов. 

Өзгелердің жаңалығы